"ҚазАзот" АҚ баспасөз қызметі кәсіпорында күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехі (ПСМУ) ғимаратының шатыры ішінара қирағанын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
- Оқиға 2022 жылдың 24 шілдесінде сағат 05.20-да болған. Ғимарат шатырының ішінара опырылуы қолайсыз метеожағдайлар салдарынан орын алды: соңғы екі апта ішінде қоршаған ортаның аномальді температурасы, қатты жаңбыр, сондай-ақ инцидент күні қатты жел екпіні бар найзағай болды. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға орнын "Жалын Өрт сөндіруші" ЖШС авариялық-құтқару қызметі тексерді, қауіпті аймақ қоршалды, қызметкерлерге оқиға орнына өтуге болмайды. Кәсіпорын қызметкерлері мен халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, - деп түсіндірді кәсіпорынның баспасөз қызметі.