27 шілде күні сағат 16.30 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО полиция депаратаментінің баспасөз қызметінк сілтеме жасап.
Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласы бағытына қарай бағыт алып бара жатып, басқаруындағы көлікпен қарама-қарсы бағытқа шығып, Volkswagen Passat автокөлігіне жол бермей соқтығысқан.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері, сондай-ақ бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.