Ақтаудағы 32А шағын ауданындағы 27, 28, 29 үй жанынан мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт алаңы салынып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Қазір футбол алаңы салыну үстінде. Алаңның жалпы ауданы — 450 шаршы метр. Ал алаңның маңынан аумағы 182 шаршы метрлік воркоут алаңы тұрғызылмақ.
Айта кетейік, алаң «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы есебінен іске асып жатыр.
- Бұл үйлердің тұрғындары алаңның орналасатын жерін өздері таңдады. Өтінімге сәйкес, воркаут-алаңда 9 түрлі жаттығу жасайтын құрал орнатылатды, - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары.