Ақтауда 14 шағынаудандағы теңіз жағалауында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кезекті «Кеңес алаңы» жобасы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кеңес алаңында» №1 Ақтау қалалық емханасының терапевт, педиатр, гинеколог дәрігері бар. Олар алаңға келген әрбір тұрғынға тегін кеңес беріп, қан қысымын өлшеп, қажетті ақпараттарды ұсынды.
Тұрғындар терапевт маманға шағымын айтып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар шара барысында педиатрға келушілер қатары да көп болды. Теңіз жағалауында балаларымен серуендеп жүрген ата-аналар баласының денсаулығына байланысты сұрақтарына жауап алды.
Жалпы «Кеңес алаңы» жобасы аясында 100-ге жуық тұрғын медицина мамандарынан тегін кеңес алды. Алдағы уақытта аталған шара өз жалғасын табады.