Қазақстандық MMA Naiza лигасы мен ресейлік Eagle FC лигасының сарбаздары Ақтауда өтетін халықаралық турнир алдында көз түйістіріп, баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Стердаун немесе көзтүйіс — кез-келген жекпе-жектің алдындағы рәсім. Кез-келген жекпе-жек шоуының ажырамас бөлігі. Әдеттегідей, жауынгерлер бетпе-бет келіп, шамамен 1 минут бойы көзқарасады.
Бұған дейін жауынгерлер баспасөз мәслихатын өткізді. Eagle FC президенті Шамиль Завуров, бұл Қазақстан лигасымен бірлескен турнир еместігін атап өтті.
— Naiza — жас лига, бірақ болашағы зор. Мүмкін біз Ресейде де бірлескен турнирлер өткізерміз, — деді ол.
Naiza Президенті Нұрбек Қарабала лиганың жоспарлары туралы айтты.
— Жоспар көп. Каспий Кубогын ұйымдастыру үшін тұжырымдаманы әзірлеу қажет. Тұжырымдама дайын болғаннан кейін өткіземіз. Ақтау — UFC үшін кезекті қарапайым оқиға болса да, біз үшін бұл — алғашқы ауқымды жоба. Біз мұнда 180 адам тарттық, бес фура керек жабдықтарды әкелдік, - деді Нұрбек Қарабала.
Естеріңізге сала кетейік, бірлескен турнирде 18 жекпе-жек өтеді, оның 3-еуі — титулдық жекпе-жек.
Спорттық іс-шараны 15-шағынаудан жағалауындағы үлкен LED-экрандардан көруге болады.
Сайыс ертең, 16 шілдеде 19:00-де басталады.