Сағат 17:52-де 101-ге 13-шағынаудандағы "Мадагаскар" кафесінің аумағындағы будканың өртенгені туралы қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Өрт аумағы 25 шм. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебін Ақтау қаласы ТЖБ кезекші анықтаушысы тексеруде.
— Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 техника жұмылдырылды. Ақтау қалалық ТЖБ қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді, - деді Ақтау қалалық ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шапхатов.