Бүгін «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметіндегі азаматтар «құдайы қонақты» қарсы алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кезекті жұмыс күні барысында өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі Кәрім Мұсаев өрт сөндіру бөлімінің алдыңғы бетіндегі бұтаға қонған үлкен қара құсты байқаған. Құс әлсіреп одан әрі ұшып кете алмаған.
Кәрім құсты бұталардың арасынан суырып алып, салқын өрт сөндіру боксына кіргізіп, үстіне су шашып салқындатты. Одан соң өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері комбинаттың Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Ольга Маркинаны көмекке шақырды. Маман «құдайы қонақтың» - африкалық немесе Қара құтан деп аталатын құс екенін айтты.
Мамандардың пайымы бойынша, құс Қаракөл көліне ұшып келе жатқан үйіріне ілесе алмай, 1 шақырымдық жерде адасып қалғанға ұқсайды.
Оқиға орнына арнайы шақыртылған Қарақия-Қаракөл қорығының инспекторлары құсты көп ұзатпай жақын маңдағы су қоймасы – Қаракөл көліне жеткізді.