Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Приморский елді мекенінде сағат 20.04-те үш адам құтқарылды, олардың екеуі 1991 жылы туған, біреуі 1993 жылы туған. 1А ықшамауданында 21.14-те 2004, 2008 және 1975 жылы туған тағы үш адам құтқарылды. Теңізге тақтайшалармен шыққан 6 адам батып кетті. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында теңізге үрлемелі қайықпен шыққан 1988 және 1987 жылы туған екі адам құтқарылды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.