Маңғыстау облысы Полиция департаменті “Динамо” спорт кешенінде шағын футболдың ашылу салтанаты өтті. Оған департамент аппаратының басқармалары қызметкерлері мен ведомства бастығы полиция генерал-майоры Аян Сабитұлының қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Чемпионат желтоқсан айына дейін айналым бойынша, ай сайын екі кезеңге бөлініп өткізіледі.
Іс-шара мақсаты – қызметкерлер арасында осы спорт түрін дамыту. Барлығы жарысқа әр сала қызметкерлерінен құралған 12 команда қатысады.
Ашылу салтанатында қатысушылардың барлығы сап түзеп, ҚР туы салтанатты түрде ортаға шығарылып, әнұран шырқалды. ПД бастығы Аян Дүйсембаев алғысөз сөйлеп, чемпионатта бақ сынайтын командаларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Чемпионат қорытындысымен үздіктердің үздігі анықталып, жеңімпаз командалар жүлделі орындар иеленетін болады.
Айта кетейік, шара Қазақстан Полициясына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатыр.