Елордада «Шеврон» компаниясымен серіктестігімен Ұлттық волонтерлік желісінің "EcoJas" экологиялық жобасының жеңімпаздары марапатталды. Жобаға 3 700-ден аса оқушы қатысты.
«Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханованың айтуынша, бүгінгі таңда табиғатқа деген көзқарасымызды өзгерту қажеттілігі туралы мәселе өзекті. Осы ретте Ecojas сияқты жобалар адамзаттың аса өзекті проблемасын шешуге өз үлесін қосуда.
«Біздің компания үшін өскелең ұрпаққа білім беру және ерте жастан экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Біз осы тамаша жобаның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз және байқауға қатысқан балалар табиғатқа барынша ұқыпты қарап, туған өлкеміздің экологиясына араласады деп үміттенеміз», – деп қосты Айтмұханова.
Әрбір аймаққа экология саласындағы тәлімгер – сарапшы бекітіліп, ол қатысушыларға кеңес беріп, оқушылар арасында конкурстар өткізіп, олардың назарын елдегі және әлемдегі экология мәселелеріне аударған. Балалар шеберлік сабақтарына қатысып, ойын түрінде және интерактивті түрде экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
«Балалардың экологиялық мәселелерге байланысты өз идеялары мен жобаларын көрсетуге бірегей мүмкіндігі пайда болды. Экотренер ретінде маған осындай тақырыптардың жастардың жүрегінде ұялағаны қуантады.Сонымен қатар, елдің әлеуметтік және экологиялық аспектілеріне жауап беретін жұмыс жобалары құрылды. Мен өз тарапымнан балалар басқа да осындай жобаларда пайдалана алатын білімдерін барынша жеткізуге тырыстым», – деп бөлісті EcoJas жобасының финалистерінің тәлімгері Мәриям Қасымова.
9-11 сынып оқушылары лиманды суару, экомода, экоинтерьер, органикалық шаруашылық, қатты-тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, экокультура және экоқұрылым сияқты жобалармен жұмыс істеді. Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары шешендік өнер, көпшілік алдында сөйлеу, презентация дизайны және SMM-де жылжыту бойынша онлайн-шеберлік сабақтарынан өтті.
Ал 5-8 сынып оқушылары көркем шығармалар, қалдықтардан үстел ойындарын, ертегілер, комикстер құрастырып, әлеуметтік желілер үшін экология тақырыбына бейне түсірді. Сондай-ақ, оқушылар үшін ойын және интерактивті форматта мастер-кластар ұйымдастырылды, онда олар экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Байқауға төрт қаладан барлығы 460 жұмыс қатысты.
«EcoJas жобасы мені ұсынған мәселелерді терең зерттеуге шабыттандырды. Бұған дейін мен химия және кәсіпкерлік жобаларын қорғаған едім, бірақ барлық презентациялар онлайн режимінде өтті. Сондықтан да оффлайнформатта,бетпе бет өнер көрсету керемет болды», – деп атап өтті жобаның финалисті Әмина Нұрмағамбетова.
Байқау қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:
Жобаны іске асыруға ақшалай гранттар:
1. Касымбекова Марал (Нұр-Сұлтан)
2. Какимова Ажар (Көкшетау)
3. Мухамедов Вусал, Ковылкин Андрей (Теміртау)
4. Накенов Даниал, Бапыева Альбина, Мусаинова Анель (Қарағанды)
5-8 сыныптар арасындағы байқаудың финалистеріне естелік және бағалы сыйлықтар берілді.