Кеше серфингтен құлап, суға батқан адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық ТЖБ аға инженері Есен Борашев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Құтқарушылар суға батқан баланың денесін бүгін сағат 08:35 шамасында тауып, шығарды.
«2005 жылы туған бала «Солдатский» жағайында серфинг кезінде суға батып кеткен. ТЖД-нен 5 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 1 бірлік техника, «АМО» ММ-нен 3 қызметкер, 1 бірлік техника іздестіру жұмысарына жұмылдырылды», - деді Ақтау қаласы ТЖБ-ның аға инженері Есен Борашев.
Еске салайық, оқиға кеше сағат 17:15 шамасында болған. Екі адам серфинг тақтайшасымен су айдынына шыққан. Көп ұзамай екеуі суға құлаған. Бірі өз күшімен теңіз жағалауына шыққан.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА