Оқиға бүгін Приморский тұрғын алабына қарама-қарсы «Солдатский пляж» жағажайында болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кезекші пультіне шақыру сағат 17.13-те түскен. Қазіргі уақытта Каспий теңізінің жағалауында , Бейнеу ауылының 2005 жылы туған тұрғыны іздестіріліп жатыр. Жас жігіт серфинг тақтасына мініп, суға құлап, батып кеткен, екі жасөспірім өздігінен жағаға шықты. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.
ТЖ орнына 6 төтеншелік, ЖҚБ 6 қызметкері және 2 бірлік техника, 2 жүзу құралы, апаттар медицинасы орталығының мамандары, Ақтау қаласы ТЖ бөлімінің қызметкерлері шықты.