mangystaumedia.kz редакциясы кәсіпорынның хабарламасын толығымен жариялайды.
2022 жылғы 24 мамырда қызметкерлер үздіксіз өндірісті (жұмысты) тоқтатты. Қызметкерлер тарапынан жұмысты тоқтатуға жұмыс берушінің ұжымдық шартының талаптарымен келіспеуі себеп болды. Ұжымдық шарттың барлық тармақтарын қараған сәттен бастап жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген шарттың тармақтарын талқылау бойынша отырыстар өткізді. Келіспеушіліктер хаттамасы жасалды, онда жұмыс беруші қанағаттандыра алатын қызметкерлердің талаптары бойынша мүмкін болатын төлемдер ұсынылды. Бұрын қызметкерлер ұсынған ұжымдық шарт жобасы мұнай компанияларының үлгісінен толық көшірілгенін ескеру қажет, бұл біздің кәсіпорын үшін мүмкін емес болып табылады. "ШТҚЗ" ЖШС ЕАЭО елдерінен шикізат пен ілеспе материалдарды сатып алуға шығындары бар дайын өнімді өндіруші болып табылады. Қазіргі уақытта сатып алынатын шикізат бағасының шамамен 80% - ға өсуі байқалады, бұл күрделі қаржылық жағдайға алып келді.
Ақпан айында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкерлерінің қойылған мәселелерін шешу үшін дайын өнім бағасын көтеру әдісімен барлық төлемдері бар әлеуметтік пакет ұсынылды. Алайда, талаптарды қанағаттандырғаннан кейін жұмысшылар наразылықтарын білдіруді жалғастыруда.
2021 жылғы орташа жалақы мөлшері 225 000 теңгені құрады (артқанға дейін)
2022 жылғы ақпаннан бастап жалақыны 40% – ға арттыруды ескере отырып, орташа жалақы мөлшері 4 айға-328 000 теңгені құрады.
2022 жылғы ақпаннан бастап қызметкерлерге әлеуметтік пакетке сәйкес төлемдердің мынадай түрлері төленеді:
жыл сайынғы еңбек демалысына 50 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
Наурыз мейрамына, мұнайшылар күніне, Тәуелсіздік күніне 20 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйлықақылар (әрбір мерекеге);
бала тууына 30 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
1 қыркүйекке балаларға-әр балаға 10 АЕК;
мүгедек балаларға - 1 маусымға, 30 АЕК;
әйелдерге - 8 наурызға, әр балаға 10 АЕК;
Лагерь балаларға-180000 тг және жыл қорытындысы бойынша бір жалақы мөлшеріндегі сыйлықақы.