Бүгін, 29 мамырда Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылы және Болашақ ауылдық округінде әкімдер сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Таңертең 07:00-де Жетібай ауылындағы №151, 152, 153, 154, 155 сайлау учаскелері және Болашақ ауылдық округіндегі №160 сайлау учаскесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранымен ресми түрде ашылып, жұмысын бастады.
Жетібай ауылында 18 жасқа толған, дауыс беру құқығы бар 7323 адам, ал Болашақ ауылдық округінде 186 сайлаушы бар. Сайлау науқаны кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Жетібай ауылы әкімдігіне үміткерлер:
Елбаев Нұрхат Тұрланұлы – 1974 жылы, 6 тамызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында туған. ҚР азаматы. Қазақ. Білімі жоғары. Өзін өзі ұсынды;
Мұхашева Айжан Нұрлыбайқызы – 1978 жылы, 18-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Красная звезда ауылында дүниеге келген. ҚР азаматы. Қазақ. Білімі жоғары. Өзін өзі ұсынды;
Төреханов Ағзам Рзағалиұлы – 1968 жылы, 15 мамырда Өзбекстан Республикасы, Шоманай ауданы, Ақ-жап ауылдық советінде дүниеге келген. ҚР азаматы. Қазақ. Білімі жоғары. Өзін өзі ұсынды;
Шапағат Сырым Арманұлы – 1994 жылы, 23 маусымда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында дүниеге келген. ҚР азаматы. Қазақ. Білімі жоғары. Өзін өзі ұсынды.
Болашақ ауылдық округі әкімдігіне үміткерлер:
Есенкелдіұлы Сыдиық – Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында дүниеге келген. 1991 жылы, 12 сәуірде дүниеге келген. ҚР азаматы. Қазақ. Білімі жоғары. Өзін өзі ұсынды;
Өмірбаев Ерлан Әмірбайұлы – 1993 жылы, 7 мамырда Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласында туған. ҚР азаматы. Қазақ. Білімі жоғары. Өзін өзі ұсынды;
Сағыев Түзелбай Үргенішбайұлы – 1978 жылы, 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, 50 лет Октябрьское ауылында дүниеге келген. ҚР азаматы. Қазақ. Білімі жоғары. Өзін өзі ұсынды.
Сайлаудың қорытындысы үш күннің ішінде жарияланады.