Жаңаөзен қаласы әкімдігі мен "ӨзенМұнайГаз" АҚ қызметкерлері бірлесе отырып, Кендірлі демалыс орнында қоршаған ортаны тазарту, күтіп ұстау мақсатындағы сенбілік жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілікке қатысушылар Кендірлі демалыс орнында шыбық егу, ағаштарды әктеу, қоршауларды сырлау, құстарға ұя жасау, теңіз жағалауын қоқыстардан тазарту, т.б. жұмыстарды атқарды. Сенбілік аясында жастарға арналған тимбилдинг ойыны да болды.
Тимбилдингтің мақсаты - ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, жастарды бірлесе жұмыс істеп Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға шақыру.
Тимбилдинг ойынында қызметкерлер 6 топқа бөлініп, топ басшысы сайланып, әр топқа ат қойылып, топтар арасында жарыс өтті. Жеңімпаздарға кубоктар тарту етілді.