23 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "марихуана" есірткісін культивациялау фитолаборатория қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтауда тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 29 жастағы ер адам ұсталды. Тұрғын үйдің екінші қабатында "марихуана" есірткісін өсіру жөніндегі фитолаборатория табылып, 13 түп "марихуана" есірткі құралы, арнайы сұйықтығы бар ыдыстар (есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған минералды тыңайтқыштар) тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі (құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған адамға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.