Өзбекстан астанасы Ташкентте «ШЫҰ елдері ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Форумға ШЫҰ-ға (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) мүше – Индия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері туристік әкімшіліктерінің басшылары, туризм саласын дамыту мен мәдени мұраларды сақтау жөніндегі халықаралық сарапшылар қатысты.
Жиында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлы Жібек жолы бойы - туризмнің басты бағытының бірі екенін айтты. Сонымен қатар, бұл бағыттағы Маңғыстау облысының әлеуетін ерекше атап өтті.
- Ұлы Жібек жолының туристік бағдарын ілгерілету – негізгі бағыттардың бірі. Ақтаудағы теңіз-сауда порты жағжайлары мен қонақүйлері, инфрақұрылымы, қолайлы климаты және маңайындағы ғажайып мәдени ескерткіштері ШЫҰ елдері үшін толыққанды демалыс орталығына айнала алады», - деді Дәурен Абаев
Министр тамаша табиғаты мен жер бедеріне бар Қазақстан трансшекаралық туризмнің бірнеше нұсқасын ұсына алатынын айтты. Мәселен, Тянь-Шань мен Алтай тауларында - тау туризмін, ал Каспий теңізінде - круиз, Ұлы Жібек жолы бөлігінде тарихи саяхат түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік бар.