17 мамырда Yessenov University профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлері үшін «Референдум тікелей демократияның көрінісі» атты семинар өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Семинарда Yessenov Ғылыми зерттеу институтының директоры, тарих кафедрасының меңгерушісі К. М. Жаулин және «Құқықтану» кафедрасының доценті С. К. Әлібеков баяндама жасады. Бұл іс-шараның мақсаты – ұжымның референдумға белсенді түрде қатысуына насихат жүргізіп, азаматтық көзқарасын білдіруге шақыру.
Реферундымның нәтижесінде Конституцияның үштен бір бөлігі толығымен жаңарады. Нақтырақ айтқанда, Ата заңның 33 бабына 50-ден астам ауқымды толықтыру енгізіледі.
- Yessenov University негізгі құндылықтарының бірі – ықыластылық. Яғни, ықыласты қоғамды қалыптастырамыз десек әрбіріміз белсенді түрде жүрген жерімізде, кураторлық топтарға, әріптестерге референдумға қатысуға шақыру керек. «Менсіз де шешіледі ғой» деген ұғым болмауы керек.
«Жаңа Қазақстан» қайда?-деген сұрақтың жауабы – осы референдум және ол бірте бірте келетін болады. Супер Президенттік басқару жүйесінен Президенттік басқару жүйесіне көшу, «Ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» қағидасының аясында билік органдарының мәртебесінің күшеюі, Конституциялық соттың құрылуы – мұның барлығы елімізді әлемдегі ең озық тәжірибеге сүйене отырып демократизациялау процесі, - деді University Президенті Б. Б. Ахметов.