Ақтауда суға батқан екі адамның денесі табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сағат 21:36-да 1999 жылы туған Қарағанды тұрғынының мәйіті шығарылды. Ал сағат 22:07-де Ақтау қаласының 1999 жылы туған тұрғынының мәйіті шығарылды.
Бұған дейін бір адам құтқарылды, екіншісінің денесі табылған болатын.
Оқиға орнында ТЖД психологиялық қызмет тобы жұмыс істеді. Қаза болғандардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсетілді.
Айта кетейік, 4а шағынаудан Каспий теңізінің жағалауында шомылуға тыйым салынған.