Олардың 1594-і 4-категория бойынша ем алған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде емхананың бөлім меңгерушісі Айгүл Кенжина мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 2022 жылдың үш айында 4-санаттағы жедел-жәрдем бойынша 1594 науқасқа көмек көрсетілді. Бір айдың ішінде - 18445, бір аптада - 4611, бір күнде 878 адам қаралған. Оның ішінде 52 науқас ауруханаға жатқызылды, - деді Айгүл Кенжина.
Ал былтыр 300 мыңға жуық адам қаралған. Бір айда - 24751, бір аптада - 6187, бір күнде 1179 тұрғын денсаулығын тексерткен. Спикердің айтуынша, қазір емхана электронды құжатқа көшіп жатыр.
- Мәселен, емханаға тіркелуге 2021 жылы - 1445, 2022 жылы - 1388 адам egov.kz порталы арқылы өтініш берген. Жедел медициналық көмекті телефон арқылы шақырту - 3831, «Даму Мед» порталы бойынша - 76145, «Даму Мед» ақпараттық жүйесі арқылы дәрігерді телефонмен үйге шақыру - 5452, мемлекеттік тіркеу органы арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу 12088 адамды құрап отыр. Осылайша, онлайн режимде қоңырауды тіркеу және уақытылы өңдеу жұмысы белсенді жүруде, - деді Айгүл Кенжина.
Айта кетейік, емханада ересектерге 16 клиникалық салада көмек көрсетіледі. Олар: неврология, травматология, жалпы хирургия, онкология, маммология, оториноларингология, офтальмология, кардиология, эндокринология, гинекология, гастроэнтерология, урология, наркология, психиатрия, инфекциялық аурулар және фтизиатрия. Ал, балаларға 5 клиникалық сала бойынша көмек көрсетіледі: неврология, кардиология, хирургия, эндокринология, оториноларингология.
- Сондай-ақ науқастардан түскен әрбір арыз-шағымға талдау жүргізіліп, «Мұнда» және «Қазір» қағидасы бойынша шешу жолдарын анықтап, тиісті шаралар жүзеге асырылады. Арыз-шағымдар 8(7292) 52-57-20, 8 (7292) 51-14-45, 30-47-95 нөмірлері арқылы қабылданады, - деді Айгүл Кенжина.