Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр күні басталып, шілденің 5-іне дейін жалғасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыс бойынша 3 тестілеу пунктінде 11 аудитория жұмыс істейді.
Биыл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тест тапсырушы» қағидасы бойынша өтіп жатыр. Тест тапсыру орнында негізгі камераларға қоса, тұлғаны анықтап, бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін қосымша фронтальды веб-камера орнатылды.
Форматы және пәндер саны бойынша өзгеріс жоқ. 5 пән бойынша өтеді: 3 міндетті және мамандығына байланысты 2 бейінді пән. Тест тапсыруға 4 сағат (240 минут) беріледі.
ҰБТ кезінде калькулятор, Менделеев кестесі секілді қажетті нәрселер компьютердің экранында қолжетімді болады.
Биылдан бастап, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі. Бұған қоса, бұл талапкерлер үшін суретсіз, диаграммасыз, схемасыз тест сұрақтары әзірленген.
Ал апелляцияны тест аяқталған соң 30 минут ішінде беруге болады. Апелляцияға қатысты 120 сұрақ оқушының көз алдына беріледі.
ҰБТ кезінде тікелей трансляция жасалады.