Сынған әткеншектің видеосын Ақтаулық тұрғын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Бұзақылар мүмкіндігі шектеулі жандардың әткеншегін тағы да бұзды. Оларды жақында ғана ретке келтіріп еді, миллиондар тағы да желге ұшты, - дейді Айнагүл Бекетова.
Еске салайық, қала тұрғындары сынған нәрселерді жөндеу үшін қаражат жинау керектігін бірнеше рет айтқан болатын. Алайда олар тағы да қиратып кетеді. Ал мүлік салық төлеушілер есебінен жөнделеді.