Сайын Шапағатов ауылының спортшылары жастар мен жасөспірімдер арасында будокай каратэден өткен Азия чемпионатында 4 медаль алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Будокай каратэден Азия чемпионаты 6-7 мамыр күні Алматы қаласында өткен.
Чемпионатта түпқарағандық Дильназ Бекбатырова (35кг) мен Ринат Сарин (60 кг) күміс жүлдені иеленсе, Бейбарыс Жұмабай (65 кг) мен Ахат Саматұлы (70 кг) қола медаль алып жеңіс тұғырынан көрінді.
- 4 спортшымыз Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болғанына қуаныштымын. Осындай жарыстар спортшыларды одан әрі шыңдай түсіп, жеңіске деген құлшынысын, осы спортқа деген махаббатын арттыра түсері сөзсіз. Жарыстардың көптеп ұйымдастырылып жатқанына ризамын, - деді ҚР спорт шебері, жоғары дәрежедегі бірінші санатты жаттықтырушы Сайлау Бекжан.