Манғыстау өңіріне арнайы келген Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин, Самат Мұсабаев, Айжан Ысқақова Манғыстау облыстық ауруханасында медицина қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесуді «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев жүргізді.
Алғашқы сөз тізгінін алған Еділ Жаңбыршин елдегі маңызды кезең туралы айтып, конституциялық өзгерістерге тоқталып өтті.
Ал Самат Мұсабаев конституциялық баптың 33-бабына өзгеріс енгізілетінін, сол арқылы 33 қадамға алға басумен тең екенін айтты. Сондай-ақ әкім сайлауы мен можаритарлық сайлау жүйесі туралы түсіндірді.
Айжан Ысқақова мамандарды конституциялық реформаға бір ауыздан атсалысуға шақырды.