10 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Батыстан соғатын жел оңтүстікте, солтүстік-шығыстан, облыс орталығында 17-22 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.
Ақтауда 10 мамырда түнде және таңертең найзағай ойнап, тұман күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады. Қауіптерден хабардар болыңыз: жаңбыр жауған кезде жол тайғақ болады, көріну азаяды. Мұндай жағдайларда жүргізушілерге көлік жүргізу қиынға соғады, сондықтан жаяу жүргіншілер өте сақ болуы керек. Осыған байланысты жүргізушілерден жылдамдықты азайтып, қашықтықты ұзартуды сұраймыз.
Дауылда қауіпсіздік сақтау үшін алдымен балкондар мен лоджияларда тексерулер жүргізу керек. Барлық жеңіл және көлемді нәрселерді бекіту немесе бөлмеге жылжыту керек. Жеке көліктерді ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыс ұстаңыз. Әйнекті мүмкіндігінше сынудан сақтаңыз және терезе жақтауларын бекітіңіз.
Балаларды ерекше бақылауға алып, оларды қараусыз қалдырмаңыз. Аса қажет болмаса көшеге шықпаңыз.