Бір жыл бұрын Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 50-ден астам әскери қызметкер Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен қоштасты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме.
— Теңізде қызмет еткен бір жыл ішінде матростардың денесі де, рухы да нығайды, әскери мамандықтарды игерді, жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізді. "Отпантау — 2021", "Батыл тойтарыс – 2022" сияқты ауқымды оқу-жаттығуларға қатысып, ұйымшылдық пен ептілікті көрсетті, — деді Әскери-теңіз базасының командирі, І дәрежелі капитан Данияр Хайрушев.
Жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны және қызметтегі жетістігі үшін көзге түскен әскерилер алғысхаттармен, грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, көктемде Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерден 900-ге жуық мерзімді әскери қызметкер запасқа шығарылады.