Сағат 19-04-те Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе 2 мекенжайында «Жәмила» құрылыс дүкені өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ғимараттың жалпы ауданы - 1500 ш.м. Өрт ғимараттың 1000 шаршы метрін шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 4 бірлік техника шықты.