Түпқараған ауданында 28 және 39 жастағы екі тұрғынды ТЖД іздеп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Жоғалғандардың бірі - Өзбекстан азаматы. Екеуі металл қайықпен түнгі сағат екіде балыққа кетіп, содан оралмаған.
Іздеуге ҚР ӘТК 29011 ә/б қызметкерлері "Орал" және 10 шағын күзет кемесі, еріктілер және туыстары шықты.
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-870 тікұшағымен 4 қызметкер мен 1 туысы іздеп жатыр.
"Іздеуге 62 адам, 9 техника, 3 жүзу құралы, бір "Орал" қарауыл кемесі және 1 МИ-870 ұшағы жұмылды", - деп хабарлады облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.