28 сәуір күні Жаңаөзенде жүргізуші ұсталды. Ұсталған сәттің видеосы Facebook желісіне тарап кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Желі қолданушылары фара жақпаған жүргізушіге сонша полиция қызметкерлерінің жиналғанына таңғалды.
Облыс полицейлерінің хабарлауынша, Жаңаөзен қалалық ІІБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Сақ» базарына қарама-қарсы «Жұлдыз» шағынауданында «Тойота Камри» көлігін жарықты жақпағаны үшін тоқтатқан. Алайда құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің көлік жүргізуге құқығы жоқ екені белгілі болды. Сондай-ақ, көлікті тексеру барысында 1 бума есірткі заты тәркіленді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Жүргізуші полицейлерге қарсы шықты.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша Жаңаөзен қаласы бойынша ЕРДР УЕ-ге тіркелді. Сонымен қатар, жүргізушіге қатысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.