Ақтаулық Ильдар Ягьяев - «Street Workout» және «Street lifting» бойынша 7 дүркін Еуропа чемпионы және 6 дүркін әлем чемпионы. Ол бұл спорт түрімен 2012 жылдан бері айналыса бастаған және 10 жыл ішінде спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Ильдар Ягьяев өз өнерін 2013 жылдың қыркүйегінде Ақтауда өткен «Aktau Open Fest» фестивалінде көрсетті. Жарыста "фристайл: күрделі элементтер" номинациясында 3-орынға ие болды. Сондай-ақ "екі қолмен тіреу" күштік номинациясында және беліне қосымша салмақпен тартылуда чемпион болды. Былтыр желтоқсанда елде өткен бірінші чемпионатта street workout бойынша Қазақстанның рекордын орнатты. Ол «белтемірге тартылу» номинациясы бойынша 15 рет тартылып, үздік атанды.
2018 жылдың сәуір айында Ресейдің ашық кубогында төрт жүлделі орынға ие болып, "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері" нормативін орындап, стритлифтинг бойынша рекорд орнатты. 2018 жылы "Workout Fest-2018" халықаралық спорт фестивалінде стритлифтинг бойынша Украинаның Киев қаласында екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Ильдар Ягяев 2021 жылы Еуропа чемпионатына қатысып, стритлифтинг бойынша абсолютті чемпион атанды. Ильдар Ягьяев 23 қаңтарда Хельсинкиде өткен әлем чемпионатына қатысты. Байқауға дүниежүзінің 20-дан астам елінен 200-ден астам атлет қатысты. Қазақстанның атынан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ильдар Ягяев өнер көрсетті. Ол алғашқы дайындық салмағын 90 келіге жеткізді. Осыдан кейін ол 96,5 келіге жетіп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.