Бүгін футзалдан ел біріншілігінің 35/36 турында "Каспий" командасы өз алаңында "Атырауды" қабылдады. Жергілікті команда 3:5 есебімен атыраулықтарға есе жіберді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тартысты ойында қарсылас қақпаға алғашқы екі голды Тьаго Кабеса салды. Ал екінші таймда Ерлан Қарақұлов атыраулықтармен есеп теңестірді. Алайда жанкүйерлердің қуанышты сәті ұзаққа созылмады. Ойын аяқталар сәтте "Атырау" ойыншылары қақпаға екі гол салып үлгерді.
Енді ертең тағы "Каспий" - "Атырау" ойыны болады. Әзірге "Каспий" шағын футбол командасы турнирлік кестеде 4-орында тұр.
Жұлдыз ҚАЛИЕВА