ҚР ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған рейд барысында 43 итбалық табиғи мекендеу ортасына жіберілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар шекара кеңістігінде 52 бірлік түрлі жүзу құралдары табылып, 109 заң бұзушы ұсталды. Заң бұзушыларға 2,6 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жалпы ұзындығы 300 шақырымнан астам браконьерлік аулау құралдары тәркіленді.
575 бекіре тұқымдас балық және 4 803 ұсақ тұқымды балық мекеніне жіберілді.
Шекара қызметінің іс-қимылдары нәтижесінде 1 млрд.теңгеден астам сомаға залалдың алдын алды.