Чемпионат 14-18 сәуірде Беларусьте өтіп, 200-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстаулық 5 спортшы Могилев қаласында полиатлоннан(төрт сайыс: ату, спринт жүгіру, жүзу, шыдамдылыққа жүгіру) өткен әлем чемпионатында ҚР құрамасының ішінде өнер көрсетті.
Ересек ұлдар тобында(16-17 жас) бесінші орынды - Молостов Кирилл, ал жасөспірімдер тобында төртінші орынды(18-20 жас) Павел Кузнецов иеленді. Қыздар тобында(12-13 жас) Ангелина Кузмичева топ жарып, әлем чемпионы атанды.
Спортшыларды жоғары санатты жаттықтырушылар Александр Кабаргин мен Владимир Глуцкий дайындады.
"Спорт мектептерінің басшылары мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қатысушыларды қолдап, дайындағаны үшін алғысымды білдіремін", - деді облыстық федерация президенті Владимир Глуцкий.