3 мамырда Ақтау халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Осыған орай дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері ұшақтар ұшпайды.
Бұл туралы Ақтау қаласы халықаралық әуежайы басшысының м.а. Меруерт Жолдыбаева мәлімдеді.
- Әуежай екі айға жоспарланған жөндеуге байланысты 3 мамырдан 5 шілдеге дейін бірінші, екінші және үшінші күндері қызмет көрсетпейді. Қалған күндері 24 сағат жұмыс жасайды. Егер жөндеу ертерек аяқталса, әуежай мерзімнен бұрын штаттық режимге өтеді, - деді Меруерт Жолдыбаева.
Айта кетейік, әуежайда ҰҚЖ (ұшу-қону жолағы) жөнделеді.