Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналына қала тұрғынының жолдаған өтінішіне жауап берген Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
- Бүгінгі таңда №8 автобус маршрутының жүру бағытына өзгерістер енгізіліп, автобус санын көбейту мәселесі қарастырылуда, - дейді жауаптылар.
Облыс әкімдігінің телеграм каналына Ақтау қаласының тұрғыны хабарласып, №8 маршруттағы автобустар санын көбейтсеңіз деген өтініш білдірген болатын. Желі қолданушысының сауалына Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жедел жауап беріп, мәселенің шешілу барысы туралы хабардар етті.