Мұнайлы ауданына қатынайтын №105 қоғамдық көліктері мамырдың соңына дейін жаңартылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- «Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау» бағытындағы №105 маршрутының автобус паркін жаңарту мақсатында жеке кәсіпкер Р.Ахметнабиев өз қаражаты есебінен «Isuzu» маркалы отандық 12 автобус сатып алуды жоспарлауда. Бұл автобустық тасымалдауды дамытудың кешендік бағдарламасы аясында орындалады. Автобустар мамыр айының соңына дейін облыс орталығына жеткізіледі,-деді Адайбек Қалиев.