Жыл басынан бері Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында 1749-ге жуық ота жасалды. Бұл туралы облыстың Қоғамдық коммуникация ориалығында өткен брифиннте Маңғыстау облыстық көп салалы ауруханасының директоры Жәнібек Сұлтанұлы айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кардиохирургия орталығында қазіргі таңда жоғарғы технологиялық, заманауи операциялар жүргізілуде.
«Былтыр бірінші тоқсанда Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухасының кардиохирургиялық орталығында - 524 жүрекке ашық ота жасалған болса, биыл осы кезеңде – 581 ота жасалған. Бұл көрсеткіш Облыстық аурухананың деңгейінің жоғарлағанын көрсетеді», - дейді облыстық аурухананың директоры Ж. Сұлтанұлы.