Бүгін маңғыстаулық тұрғындар жаңбыр тілеу намызын оқыды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
15 шағынаудандағы амфитеатр жанындағы алаңға 2 мыңнан астам адам жиналды.
Шара Қазақстан мұсылмандарының Маңғыстау облысы бойынша діни басқармасының және облыстық Бекет-Ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжановтың қатысуымен өтті.
Бас имам Әнуар Елжановтың айтуынша, жергілікті шаруалар мен жер иелері Тасаттық рәсімін жасауды сұраған.
Сонымен қатар бүгін тұрғындар Мұхаммед пайғамбардың шашын көруге мүмкіндік алды.
Еске сала кетейік, соңғы жылдары Маңғыстауды құрғақшылық жайлап, мал басы қырылған болатын.