Футзалдан Қазақстан Чемпионатының 33/34 турында Маңғыстау облысының командасы жеңіске жетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
22-23 сәуір күндері өткен МФК «Каспий» алматылық «Қайрат» командаларының арасындағы 4 ойында +7 ұпаймен, атап айтқанда алғашқы күні 4:1 есебімен, 23 сәуір 3:2 есебімен каспийлықтар жеңіске жетті.
33 турда Тьяго Кабеса, Арнольд Кнауб және 34 турда Райымбек Жұма, Ерлан Қаракулов, Арман Қаражанов гол соқты.
Енді 30 сәуір-1 мамыр күндері «Атырау» футзал клубымен кездеседі.