Қазір алты айлық нәресте облыстық балалар ауруханасында жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ztb_qaz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлер зардап шеккен балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, қабырға сүйегінің сынуы, бас миының контузиясы деген диагноз қойды.
Нәрестеге бас сүйек-ми отасын облыстағы жалғыз балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов сәтті жасады. Бала травматология бөлімшесінде орташа ауырлықта жатыр.