26 сәуірде өтетін «Аmanat» партиясының кезектен тыс XXIII съезіне Маңғыстау облысынан 13 делегат сайланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысынан сайланатын делегаттардың тізімін облыстық филиалдың атқарушы хатшысының орынбасары Звира Түгелқызы Есбергенова таныстырды.
Делегаттар қатарында партияның облыстық филиалы төрағасы, атқарушы хатшысы және аудандық және қалалық филиалдардың атқарушы хатшылары мен республикалық саяси кеңестің мүшелері бар.