Бүгін, 22 сәуір - Халықаралық Жер Ана күні. Осы күннің құрметіне Тамара Асар "Табиғат - Жер Ана" атты жаңа әннің тұсауын кесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты News Mangystay Region youtube арнасына сілтеме жасап.
Ағылшын тілінен аударылған бұл ән ғаламшарымызды таза ұстауға, аман сақтауға үндейді. Бұл туынды "Resolution" ғаламдық музыкалық жобасының мұрындық болуымен шыққан. Әннің бейнебаяны БАҚ-та және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы аясында болатын Конферецияның 27-сессиясы сияқты ірі халықаралық іс-шараларда көрсетіледі.
"Resolution" секілді ғаламадық деңгейдегі музыкалық жобаға Қазақстанның қатысуы - қоршаған ортамызды қорғауға, табиғатымызды аялауға үлес қосады деген сенімдеміз" - дейді жаңалықты бөлісушілер.
Сілтемеге кірсеңіздер хабарды толық оқып, жаңа әнді тыңдай аласыздар.