Жарысқа 2006-2011 жылғы 156 жасөспірім қатысты, олардың көпшілігі «Doma Doma» секциясында оқиды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме бере отырып.
Ойындар 7а шағынауданындағы «Doma Doma Street Court» алаңында өтті.
ҚР баскетбол федерациясының Маңғыстау филиалының басшысы Самсон Аракелян айтып өткендей, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты - жас буынға салауатты өмір салтын насихаттау.
- Баскетболмен шұғылдана жүріп, балалар қиындыққа төзуге, ұжыммен жұмыс істей білуге жаттығады. Бұл оларға есейген кезде де жетістікке жетуге көмектеседі", - деді Самсон Аракелян.
Бұған қоса, мұндай жарыстар "Каспий" кәсіби баскетбол клубының жаттықтырушыларына спорттағы ең дарынды балаларды тауып, облыс құрамасына шақыруға мүмкіндік береді.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі жеңімпаздардың есімін жариялады.
2006-2008 ж.т. және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында "Black Team" тобы үздік атанды, оның құрамында - Нұрдәулет ЕЛАМАН, Мұхамедиар Каримулаев, Елдар Әлиев және Ілияс Сексенбаев бар.
Екінші орын - "Фантастикалық төрттік"-те. Топ құрмындағылар: Әлижан ҚУАТБАЙ, Глеб Проценко, Тимофей Кузин және Шалқар АҒЗАМ.
Үшінші орынды - Қанат МАҚСАТ, Жандарбек Наипов, Жандарбек ҚҰРБАНБАЙ және Мадияр Мақижановтардың "Цилантро" тобы иеленді.
2009-2011 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында "Бүркіт" тобы бірінші орын алды. Олар: Тамирлан Мұхамбетов, Мурад Чивиев, Данил Филоненко және Ярослав Слободянюк.
"Қарақшылар" - Манап Шайхымов, Диас Айтжан, Мейіржан Базарбай және Тахир Жұмажан күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал үшінші орын "Фантастика" тобында - Никита Терещенко, Амир Тимуров және Рамазан Тимуров.