Ақтау қаласында жылудың жетіспеушілігіне байланысты тұрғындар көп шағымданады. Осы мәселені шешу үшін қазандық құрылысының жобасы жасақталып жатыр. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, қазір жылу беру жетіспеушілігі 30%-ды құрап отыр.
«Мәселені түбегейлі шешу үшін КЖСА мекемесімен бірлесіп «Ақтау қаласында магистральды тарату желісімен 19а, 20, 20а, 33, 34, 34а, 35 жаңа шағынаудандарын жылумен жабдықтау үшін қазандық құрылысы» жобасы жасақталуда. Аталған жобаны сараптамаға жолдау шілде айында жоспарланып отыр. Жоба құны – 12,1 млрд теңге», - дейді қала әкімі Нүрдәулет Қилыбай.