Тәуелсіздік жылдарында 276 оқушы «Алтын белгі» алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сонымен қатар, 438 оқушы "Күміс"-пен бітірген. Ал, 2770 оқушы Мемлекеттік грант жеңіп алған.
«Оқу озаттарының, үздіктердің жылдан жылға көбейіп келе жатқаны қуанарлық жайт. Өйткені, білімді де білікті азаматтары көп елді ғана мықты ел деуге болады», - деді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ ҚҰЛАТАЙ.
Бүгінгі таңда Жаңаөзенде 27 мектеп бар. Оның ішінде, 22 - орта, 2 - бастауыш, 2 - жекеменшік және 1 кешкі мектеп бар.