Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет ҚИЛЫБАЙ халыққа есеп беру кезінде осылай мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
2021 жылы қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 200 млрд. теңгеден астам соманың өнімін өндірді.
- 2021 жылы қалаға салынған инвестиция көлемі 232,1 млрд. теңгені құрады. Ал, осы жылдың бірінші тоқсанында негізгі капиталға - 59,4 млрд теңге, ҰКП - 189,8% инвестицияланды. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2022 жылы жалпы сомасы 43,6 млрд. теңгеге 7 жоба іске қосылып, 237 жаңа жұмыс орны құрылады, - деді қала әкімі.