Ақтаулық тұрғын облыс әкімінің telegram каналында әбден тозған асфальт мәселесін қозғады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасай отырып.
Қала тұрғыны жолдың нашарлығын және көлікке зақым келтіретінін айтып шағымданды. «Мұндай ойық-тесіктер барған сайын көбейіп келе жатқан сияқты», - дейді азамат. Тұрғынның шағым-өтінішін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қарады. Мекеме орталық жолдағы шұңқырларды жөндеу келесі айда басталатынын айтты.
- Бұл жұмыстар қаланың орталық жолдарын кезең-кезеңімен түгелдей қамтиды, - деп нақтылады бөлім қызметкері.