Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай көгалдандыру жұмыстарына көңілі толмайтынын айтты. Оның айтуынша, жасыл желек күннен күнге қурап жатыр. Басты себебі - жүйесіздік, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қала әкімі осы мәселені шешу үшін биылдан бастап жаңа механизмге көшкенін тілге тиек етті. Яғни, 5 жыл мерзімге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында көгалдандыруды ұйымдастыруға шешім қабылдады.
- «Ақбота» МКК-ның көгалдандырушылары жеке серіктестік анықталғанға дейін ақпаннан бастап бюджет қаражаты есебінен жасыл желектерді күтіп-ұстау, сондай-ақ жаңа ағаш көшеттерін отырғызып жатыр. Осы уақытқа дейін 4 650 түп ағаш отырғызды, оның 2 650 қылқан жапырақты, 2 000 дана жапырақты ағаш екті, - деді Н. Қилыбай.
Айта кетейік, аталған жұмыстың барлығы Ботаникалық бақ мамандырымен бірге жасалып жатыр. Сондай-ақ, жасыл желектер ғылыми түрде дәлелденген және Маңғыстау облысының құрғақ климатына төзімді.