20 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының батысында және орталығында шаңды дауыл болады деген болжам бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтауда 20 сәуірде күндіз шаңды дауыл соғады деп күтілуде. Күндіз батыста және облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
балкондар мен лоджияларда тексерулер жүргізу керек; барлық жеңіл және көлемді нәрселерді бекіту немесе бөлмеге көшіру керек. Жеке көліктерді ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыс қойыңыз; әйнекті сынып кетуінен мүмкіндігінше сақтаңыз және терезе жақтауларын бекітіңіз; Балаларды ерекше бақылауға алып, оларды қараусыз қалдырмаңыз; Қатты желден үйдің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер және басқа шатыр материалдары құлауы мүмкін. Аса қажет болмаса, көшеге де шықпаңыз.