© Сайт архивінен
Наурыз айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әкімі Қазақстанның «ең ыстық» аймағында жұмыс істеген кездегі ерекше төзімділігінің арқасында республикадағы әкімдердің арасынан бірінші орынға шықты. Нұрлан Ноғаев өңірлерге жұмыс сапарымен барып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен жіті танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге баса назар аударды. Аймақ басшысының аудандарға сапары облыс басшылығы мен шалғай ауыл тұрғындары арасындағы диалогты нығайтуға септігін тигізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz toppress.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайттың хабарлауынша, респонденттер Нұрлан Ноғаевтың өңірге шетелдік инвестиция тартудағы еңбегін жоғары бағалайды. Мәселен, "Svevind Energy GmbH" компаниясының неміс-швед тобының акционерлері Маңғыстау облысының жасыл энергетикасына, одан кейін теңіз суын тұшыту мен сутегін өндіруге инвестиция салуға қызығушылық танытты. Неміс тарапының айтуынша, инвестиция көлемі 22 млрд еуроны құрайды. Жоба аясында су тұшыту қондырғысы мен жаңартылатын энергия стансасын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, компания суды электролиздеуге арналған су технологиясын енгізуді жоспарлап отыр.
Өңірде елордада салынған мектептер үлгісінде заманауи мектептердің салынуы облыстағы білім ордаларының шамадан тыс жүктемесін шешуге ықпал етеді.
Нұрлан Ноғаевтың рейтингіне Ақтау және Құрық порттары арқылы жөнелтілетін жүк көлемінің 3,8%-ға артуы да оң әсер еткенін айта кеткен жөн. Облыс Бозжыра шатқалында қонақ үй салудан бас тартты, бұл ретте инвесторлар көп қаражат салған жобадан бас тартудың нақты себептерін түсіндірмеді, бұл 2021 жылы Үкіметтің кейбір шешімдерін қайта қарауға байланысты болуы мүмкін.
Екінші және үшінші орындарды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов иеленді.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин наурыз айындағы облыс басшыларының рейтингінде аутсайдер болды.